Түркістан облысының бірнеше басқармасы «Тұран.тв» телеарнасымен меморандумға отырды

Бүгінде «Тұран экспресс» компаниясы мен Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік және іскерлік байланыс жөнінде меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, аталған басқармалар мен «Тұран.тв» телеарнасы арасында да меморандум жасалды.

         Аталған пойыз Алматыдан жұма күні шығып, жексенбі күні кері қайтады. Саяхатшы жолаушылар қонақ үй іздемей, осы пойызда тынығып, Түркістанды екі күн аралайды. Әзірше бұл пойыз аптасына 4 рет жүргізілсе, келешекте күн сайын сапарға шығады деген жоспар бар.  Сонымен қатар, «Тұран экспресс» компаниясы Түркістан мен Шымкент қалалары арасында күн сайын қатынайтын пойыз бағытын ашуды да қолға алмақшы. Әкімдіктер тарапынан қолдау тапса, бұл жоспар да жүзеге аспақ. Бүгінде «Тұран экспресс» компаниясының иелігінде заман талабына сай 100-ден астам вагон бар. Жолаушы тасымалындағы көшбасшылардың бірі. Ал, «Тұран.тв» —телеарнасы еліміздегі туризм мен аңшылықты, балық шаруашылығы мен белсенді өмір салтын насихаттайтын жалғыз салалық телеарна.                                Осы меморандумдар арқылы Түркістан қаласының туристік әлеуеті көтеріледі деген болжам бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*