Ж.Түймебаев америкалық туристерге шапан мен қамшы сыйлады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы,рухани астанаға келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сонымен қатар,  Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырғанын да айта кеткен жөн.
«Сіздерді қасиетті қаламыздың миллионыншы турисі болғандырыңызбен құттықтаймын. Бұл біздер үшін қуаныш. Мәселен, дәл бүгін Түркістан қаласына келушілер саны 1 млн. адамға жетіп, өткен жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 57,2 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі бағдарламалар даярладық. Алдағы уақытта келушілер саны тағы арта түседі деп жоспарлап отырмыз», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бұдан өзге, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында 543,7 млн. теңгеге жеткен. Өз кезегінде бұл көрсеткішті 2017 жылдың 6 айымен салыстырғанда өсу қарқыны 16,8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, Қазақстанның туристификациялау картасының республикалық маңызы бар ТОП-10 нысанына облыстан «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы енгізілгенін айта кету қажет.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*