ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУҒА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ДЕ ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мен қауымдастықтың Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы өкілдіктерінің жетекші ханымдары Құралай Бекенова, Инара Намазбаева, Эльмира Созақбаева сынды бірқатар іскер әйелдермен кездесті.
Айта кету қажет, іскер әйелдер қауымдастығының төрайымдарымен болған басқосуда рухани астанамыз жаңа Түркістанның болашақтағы кескін, келбеті, алдағы жоспарлары туралы кеңінен сөз болды. Нәзік жандылар қауымы осынау жауапты да тарихи сәттерде бас бола білген өңір басшысын жан-жақты қолдайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, оны одан әрі көркейтуге өз үлестерін қосуға әзір екендіктерін айтты.
Барша іскер әйелдер қауымының атынан сөз алған Раушан Біргебайқызы Түркістан облысының әкімдігімен бірге бірлескен жобалар жасауға ұсыныс айта келіпті. Атап айтқанда, іскер ханым бүкіл түркі тілдес халықтардың ата жұрты — Түркістандағы қызмет көрсету сапасын халықаралық талаптарға сай етіп ұйымдастыруға атсалысқысы келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*