Түркістан облысында кәсіпкерлердің қатысуымен 500-ге жуық нысан салынып жатыр

Түркістан облысның әкімі Жансейіт Қансейітұлы,  биыл «Туған жер» жобасы аясында Түркістан өңірінде кәсіпкерлердің қатысуымен  жалпы құны 28 млрд. теңгеден асатын 428 нысан салынып жатқанын айтты. Бүгінде оның 23-і іске қосылған.

Сонымен қатар, ұрпақты білімді, әрі рухани бай етіп тәрбиелеу бағытында өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында оқушыларға арналған «Өлкетану» оқулығы дайындалғанын да айта кету керек. Одан бөлек, рухани астанамыз Түркістан қаласы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағы басылатын болады. Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени сәулеттік және археология ескерткіштерінің фотоальбомы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалынып, «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар жинағы»  мен «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері»  кітабы жарық көрді.

Бүгінгі күнде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ордабасы – бірліктің туы» атты аннимациялық фильмнің түсірілімі аяқталып отыр. Сондай-ақ, «Түркістан», «Оқсыз» аннимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*