Шардара су қоймасының жағалауында келесі жылы зәулім қонақүйлер салынады

2019 жылы Шардара су қоймасының жағалауында демалыс нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов  мәлім етті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аудан басшысы туризм саласын дамытуда талай жылдан бері қолбайлау болып келе жатқан мәселелерге тоқталып, оның таяуда оң шешімі тапқанын мәлімдеді.

– Шардара ауданы – жағажай туризмін дамытуға қолайлы аймақ. Дегенмен, бұл аумақ орман қоры жерінде болды. Жуырда арнайы Үкіметтің қаулысымен жағажай маңындағы 255 га аудандық коммуналдық меншікке берілді. Яғни, бұл енді ауданның меншігінде болып саналады. Бүгінгі таңда осы 255 га жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталмақ. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, мұнда 60 нысанның құрылысы қаралған, оның ішінде 30 қонақүй бой көтереді. Тартылатын инвестиция көлемі 6,7 млрд теңге, оның ішінде мемлекет тарапынан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 1,7 млрд теңге жоспарлануда, – деді Болатбек Қыстауов.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, жағалаудағы нысандар құрылысын бастауға, жер учаскесін алуға көптеген инвесторлар қызығушылық танытып отыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, туристер санын көбейту жоспарлануда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*