Түркістан: Кәсіп үйренушілерге қомақты қолдау бар

Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге, мемлекет қашан да қолдау жасайды. Бұл Жөнінде Елбасы Жолдауында да нақты көрсетілген. Ал, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы – азаматтардың өз бейіміне қарай негізінен үш бағытта жұмыс жасауы шарт. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Түркістан облысының Арыс қаласында атқарылып жатқан шаралар аз емес.

Бүгінгі күнде Арыста әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелерін қайта даярлаудан өткізу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.   Қазір осы бағыт бойынша көптеген азаматтар өз қалаулары бойынша  қысқа мерзімдік  даярлықтан өтіп, кәсіптерін  жалғастырып жатқанын айта кету керек.

Жастар практикасы аясында да тұрақты жұмыс жасап жатқандар жетерлік. Сонымен қатар жеңіл үлгіде  несие алып,өз шаруаларын дөңгелетемін деушілерге де жол ашық. Бұл орайда «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба, азаматтардың жаппай жұмыспен қамтылуына септігін тигізері  күмәнсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*