Ж.Түймебаев: Яссауи кесенесін басқару менеджментіне сандық технологияны ендіру маңызды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ЮНЕСКО-ның Париждегі тарихи қалалық ландшафттар жөніндегі кеңесшісі Кристина Иамандиге Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі ЮНЕСКО әлемдік мұрасының нысаны ретінде шетелдік туристер үшін тартылыс күшіндей екенін сөз еткен облыс басшысы ескерткіштің, мейлінше, бұрынғы кейпінде сақталуы маңызды екенін жеткізді.

Ондағы рекреациялық жүктемені ескерген ол кесенені басқару менеджментіне сандық технологияны ендіру маңызды деп есептейтінін білдірді.
Отырыста меймандар облыс басшысымен бірге Түркістан облысы мен оның орталығы Түркістан қаласының тарихи, қалалық ландшафттар мәселелері жөнінде де әңгімелесті. ЮНЕСКО-ның Қ.А.Яссауи кешенін нақты аумақтық байланыстыру және оны Түркістан облысының орталығы ретінде Түркістан шаһарының жалпы даму динамикасына біріктіру қажеттігі туралы қорытындыға келгені облыс үшін өте маңызды екенін алға тартқан Ж.Түймебаев ұйым тарапынан ұсынылатын бастамаларды жан-жақты, толық қолдауға әзір екенін жеткізді. Бұл ретте, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыстарды шеберлік сағаты, сарапшылар мен мамандардың басын қосқан семинарлар түрінде ұйымдастыруды ұсынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*