Шымкентте «Отанды сүю иманнан» атты термешілер байқауы өтті

«Шымкент медресе» колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру мақсатында «Отанды сүю иманнан» атты жас термешілер арасында Жастар Ресурсы Орталығында 2018 жылдың 30 қазанында байқау өткізді.Қалалық колледждер арасынан текті сөздің төресін жырлайтын он екі студент тамыры тереңге жайылған ұлтымыздың термелерін шырқады. Елбасының идеясын және 2018 жылғы тамыз конференциясындағы негізгі құндылықтарды іске асыру мақсатында колледж студенттерін Отанға деген сүйіспеншілігі мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылған іс-шараға облыстық және қалалық білім басқармасы, «ОҚ Саз» колледжінің сонымен қатар қалалық филармония қызметкер мамандары әділқазылық етті. Ұлтық рухты асқақтатқан аталмыш жобада 1- орынды Сынабай Қылышбек, 2-орынды Арыстан Рустем,3-орынды Тұрғанбек Жұлдызай және Жуасбек Нұрдаулет қанжығаларына байлап, қаржылай сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*