КЕЛЕСТЕ «ЫРЫС-ӨРКЕНДЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫН ЛИЗИНГКЕ ЖАҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін, Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ырыс-Өркендеу» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингке қаржыландырудың бағыттары мен шарттарын түсіндіру бойынша жиын өтті.

Аталмыш жиынға Оңтүстік Аймақтық Инвестиция орталығының басқарма төрағасының орынбасары Абилдинов Тимур Оңалұлы, «Ырыс» микро қаржы ұйымы директорының орынбасары Ерлан Лесбекұлы Ержанов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Данабекұлы Жаңбырбаев, Келес ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Абишев Ергешбай Жұмабайұлы, ауыл, ауылдық округтер әкімдері, аудандық шаруақожалықтар иелері мен кәсіпкерлер қатысқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жиында «Ырыс-өркендеу» қаржыландыру шарттары, ауылшарушылық тауар өндірушілерін инвестициялық субсидиялау және инвестициялық субсидия арқылы қаржыландыру механизімі, одан өзге ауылшаруашылық тауар өндірушілерін инвестициялық субсидиялау бағыттарына түсіндірме баяндамалары оқылды. Мұнан соң жиынға қатысқан қараша тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды. Лауазымды тұлғалар көптеген сұрақтарға жауап беріп, көпшіліктің көкейінде жүрген мәслелердің түінін шешкендей болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*