Төлеби ауданында шағын кәсіпкерлік қанат жайып келеді

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарында болып, олардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Алдымен, аудан әкімі «Ленгер машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, жұмыстарымен танысты. Биыл зауытта жиһаз (үстел, орындықтар) және сабын өнімдерін дайындайтын цех іске қосылды. Мекеме басшысы Абубакир Нарбеков алдағы жоспарларымен бөлісіп, бүгінде 55 мың орташа айлық жалақысымен 25 жұмысшы қызмет атқаратындығын айтып өтті.

Содан соң, аудан әкімі қуаттылығы тәулігіне 18 тоннаға дейін жеміс-жидекпен көкөністерден ұнтақ өндіру цехына жұмыс сапарын жалғастырды. Мекеме басшысы Мурат Ибрагимов цехта Венгрия мемлекетінен алынған құрал-жабдықтар орнатылғандығын және мекемеде 10 жұмысшы істейтінін айтты. Сондай-ақ, цехты жақын арада іске қосуға дайындап жатқандарын аудан басшысына хабардар етті.

Мұнан кейін, аудан әкімі «LENGER TEXTILE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Байжановпен кездесіп, мұнда шығарылатын арнайы жұмыс киімдерімен танысты. Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған, орташа жолақылары 35000-40000 теңгенің көлемінде.

Содан соң, аудан басшысы астау, бесік, ағаштан ұлттық нақыштағы бұйымдар шығарылатын жеке кәсіпкер Болат Түкібаевтың қолөнер шеберханасында болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*