Жетісайда күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын

Жетісай ауданында күзгі жиын-терім жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнде қырманға 123 мың 189 тонна мақта түсіп отыр. Биыл ақ алтынның өнімділігі алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен болған жоқ. Мәселен, гектар берекелігі орташа есеппен 25,2 центнерді құрап отыр. Қазір жетісайлық шаруалар үшін маұтаның әрбір шиті қымбат. Біреуін де жерде қалдырмау мақсатында мақтаның екінші терім жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кету керек, мұнан бөлек биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30701,2 тонна өнім алынған. Оның 80 пайызы шетелге экспортталып отыр. Сонымен қатар, Жетісай ауданында биылғы жылы 15019,2 гектарға бақша өнімдері отырғызылған. Ал одан алынған өнімнің жалпы көлемі 426159 тоннаға жетіпті. Мәселен, 8621,7 гектарға қауын, 6397 гектарға қарбыз егілген екен. Оның 30 пайызы шетелге экспортталған. Бұдан бөлек, Жетісай өлкесінде майлы дақылдар, көкөністер толығымен жиналып алынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*