Түркістан облысы 9 айда 4600 тонна етті шетелге экспорттаған

Ауыл шаруашылығын экономикалық дамудың жаңа драйверіне айналдыру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау нәтижесінде Түркістан облысындағы өнім көлемінің өсімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ды немесе 374 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 188 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  5,0% артып отыр. Мұнан өзге, өсімдік шаруашылығы 184,4 млрд. теңге немесе 102,8% жеткенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 9 айында ірі қара малдың басы 10,7%-ға артып отыр. Нақтырақ айтқанда, ірі қараның басы 972,6 мың басқа жеткен. Бұдан өзге қой саны 4,7%-ға артып, 4 030,6 мың бас болыпты. Қазақ жеті қазынаның біріне балайтын жылқы  7,9 %-ға өсіп, 304,2 мың басқа артқан.

Нәтижесінде, ет өндірісі 6,7%-ға артып, 154,7 мың тоннаны құраған. Күні бүгінге дейін шетелге 4 600 тонна ет экспортталған, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде алдыңғы қатарға шықты.  Республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 14,1% құрап, үлесі бойынша басқа аудандармен салыстырғанда жоғарғы көрсеткішке ие.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*