Төлеби ауданында заманауи үлгідегі жиһаздар жасалып жатыр

Төлеби ауданында қуаттылығы тәулігіне 18 тоннаға дейін жеміс-жидекпен көкөністерден ұнтақ өндіру цехы жұмыс істеп жатыр. Мекеме басшысы Мурат Ибрагимов цехта Венгрия мемлекетінен алынған құрал-жабдықтар орнатылғандығын және мекемеде 10 жұмысшы істейтінін айтады. Сондай-ақ, цехты жақын арада іске қосуға дайындап жатқандарын аудан басшысына хабардар етті.

Мұнан бөлек, «Ленгер машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде жиһаз бөлшектері жасалып жатыр. Биыл зауытта жиһаз (үстел, орындықтар) және сабын өнімдерін дайындайтын цех іске қосылды. Мекеме басшысы Абубакир Нарбеков алдағы жоспарларымен бөлісіп, бүгінде 55 мың орташа айлық жалақысымен 25 жұмысшы қызмет атқаратындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, «LENGER TEXTILE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Байжановпен кездесіп, мұнда шығарылатын арнайы жұмыс киімдерімен танысты. Мұнда 30 адам жұмыспен қамтылған, орташа жолақылары 35000-40000 теңгенің көлемінде.

Содан соң, аудан басшысы астау, бесік, ағаштан ұлттық нақыштағы бұйымдар шығарылатын жеке кәсіпкер Болат Түкібаевтың қолөнер шеберханасында болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*