Түркістан облысында салық қызметкерлері жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсыныстарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салықсаласының қызметкерлеріменсыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Күнгей.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Жиынға ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен салық саласының қызметкерлері қатысты.

Кездесудесөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан,жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі салық саласы екендігін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров салық саласында орын алған қылмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.ТілегеновҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Жиын барысындақылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткенмән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныстар талқыланды.

Кездесусоңында Ғ.Тұрсынбаев қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және адал аттарына кір келтірмей, еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*