ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН «SITCEN» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп ди⁠ректорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Сондай-ақ, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін аталған электронды жүйеде 1571 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарлама жарияланған. 

«Қазіргі таңда jumys.sitcen.kz порталы арқылы 837 адам жұмысқа орналасқан. Жүйеге жалпы жұмыс іздеушілер тарапынан қызығушылық танытып, бүгінгі күні 62 778 қолданушы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 4632 жұмысқа қабылдау туралы өтініш келіп түскен. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарына қабылдау mektep.sitcen.kz  порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған жүйеде мектепке қабылдау конкурсын өткізу толық автоматтандырылған», — деді Ардақ Мәдіханқызы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*