Түркістан облысындағы мектептер «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтылған

Бұдан былай Түркістан облысында ата-ана өзінің баласын портал арқылы кез-келген дарынды балаларға арналған мектепке конкурсқа қатыстыра алады және порталдағы онлайн тестілеуден жоғары балл алған бала мектепке қабылданады.

         Сонымен қатар, облыстағы мектептер «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарымен 100 пайыз қамтамасыз етілгенін айта кету қажет. Ағымдағы жылдан бастап күні бүгінге дейін 594 000 сабақ қаралымы болды. Түркістан облыстының бюджетінен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 1500 дана «Bilim Book» компьютер-планшет шалғай ауылдағы 195 мектепке таратылып, цифрлық білім беру ресурстарына интернетсіз қол жеткізіп жатыр.

          Мұнан өзге алдағы жылы Түркістан облысының білім саласында педагогтардың аттестациясын және олардың білім жетілдіру курстарынан өтуін автоматтандыру, білім ұйымдарындағы кітап қорын пайдалануды және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын автоматтандыру жүйелері жүзеге асады деп жоспарланып отыр.

Аталған жоба білім саласындағы сыбайластық заңбұзушылықты тоқтататуға үлкен серпін береді деп күтіліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*