Түркістан жайлы түркі тілдес елдерге ақпарат таратуға ерікті студенттер атсалысады

Түркістан облысында өткен халықаралық журналистер форумында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылған еді. Осы орайда Түркістан облысы туралы жаңалықтар түркі тілдес елдерге түрік, әзірбайжан, өзбек, қырғыз және орыс тілдерінде жаңадан ашылған ашылған  «TÚRKISTAN MEDIA»  халықаралық орталығы арқылы таратылады. Бұл жұмыстарды жүргізуге Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да оқитын түркі тілдес елдердің студенттері ерікті түрде атсалысады. Түркістанның қызықты тарихы мен туристік орындары насихатталады. Сонымен қатар, түркі мәдениеті мен руханиятын, бауырлас халықтардың бірлігін нығайту бағытында да ақпараттық қолдау көрсетілмек. Екі тарап  ақпарат алмасу, өзара байланысты дамыту жолында ынтымақпен әрекет етуді көздеп отыр. Журналистика саласындағы жаңа технологияларды меңгеру, тәжірибе алмасу мәселесіне де көңіл бөлінеді.

Меморандумға қол қойған шетелдік БАҚ жетекшілері мен өкілдері Түркістанның туризм және Түркі әлемінің орталығына айналатынына сенім білдіріп, ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Нәтижесінде тарихи қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылар саны көбейеді деп күтілуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*