Жетісай ауданында зәйтүн егу жоспарланып жатыр

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев алматылық «Прометей» және испаниялық «Корбелл» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жетісай ауданынан 25 гектар жерге тәжірибе ретінде зәйтүн бағын егу мәселесін талқылады. Қос компания алдағы уақытта Жетісай ауданынан зәйтүн және бадам бағын егуді жоспарлап отырғанын, ол үшін осындағы егістік жерлердің топырағын зерттеп көруге ниетті екендіктерін жеткізді.
Испаниялық агро компанияның өкілі Фауистино Корралбелбельдің айтуынша, зәйтүн егуге Жетісайдың топырағы мен климаты өте қолайлы екен. Шетелдік компания бұл қорытындыға зерттеу жұмыстарының нәтижесінде келгенін айтып отыр.
«Біз осыдан бірнеше ай бұрын Жетісай ауданының топырағын сараптамадан өткізу үшін Испанияға жолдаған болатынбыз. Нәтижесінде зәйтүн егуге ыңғайлы деген қорытындыға қол жеткізіп отырмыз: Ендігі мақсатымыз – осы ауданнан зәйтүн бағын егуге қолайлы жер тауып, қосымша сараптама жұмыстарын өткізу. Ол үшін бізге жергілікті билік мемлекет меншігіндегі жер телімін тауып беруге көмек қолын созса, жоспарымызды іске асыруға ниеттіміз.Алғашқыда біз 25 гектар жерге эксперимент ретінде егіп, егер табысты болып жатса, оның көлемін жыл санап ұлғайту жоспарымызда бар»,- дейді «Прометей» компаниясының өкілі Қанат Құдайберген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*