ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамалары халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған. Ұлт Көшбасшысының биылғы қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орны бөлек. Нақтырақ айтқанда, Жолдауда адам капиталы-білім саласы, денсаулық сақтау және бұқаралық спорт нысандарының қолжетімділігін дамыту сияқты әлеуметтік салаға басымдық беріліп отыр.
Бүгін ауданымызға арнайы келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов аудан тұрғындарымен кездесіп, Елбасы Жолдауында айтылған басты бағыттар жайында кеңінен сөз етті.
Кездесуге аудан тұрғындары, ұстаздар мен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қызметкерлері, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты: «Жаңа бағдарламалық құжат қоғамның экономикалық, әлеуметтік салаларын қамтып, қарапайым тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Елбасы кезекті Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтын құжат болмақ. Сондай-ақ, Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін тілге тиек етті. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*