Елбасының жолдауы білім сапасының артуына орасан үлес қоспақ

Елбасының белгілеп берген тапсырмасы арқылы қазына түсімі артып, сол бойынша жалақы көбейеді. Білім берудің сапасы артып, денсаулық саласына баса көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ, баспананың қолжетімділігі, ең төменгі жалақының 1,5 есеге артуы секілді бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мұның бәрі халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатының артуына толық негіз болады»,- деп Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Жолдаудың негізі бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында жарыссөзге шыққан аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков пен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының орынбасары Серік Ақылбек халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған биылғы Жолдаудың маңыздылығы мен нақтылығы жайында сөз етсе, ұстаз Фарида Спатаева Елбасының ұстаздарға жасаған қамқорлығының арқасында еліміздегі білім саласының сапасы халықаралық деңгейге өсетініне сенімі мол екендігін айтты.
Халық қалаулысы жиынға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған стратегиялық құжаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін отырарлықтар бар күш-жігерін аямайтынын атап өтіп, Жолдауды насихаттау үшін ауданымызға арнайы ат басын бұрған Мәжіліс депутатына отырарлықтар атынан шынайы алғысын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*