РЕСПУБЛИКАЛЫҚ НАСИХАТТЫҚ ТОП ОТЫРАР АУДАНЫНА КЕЛДІ

Отырар ауданына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазан 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдері келді.
Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауына байланысты өткен келелі жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды. Аудан тұрғындары, зиялы қауым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік саласының өкілдері, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесуде арнайы баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған еліміздің экономикасын өркендетіп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Елбасы Жолдауындағы 6 басымдыққа жан-жақты тоқталды. Ұлт Көшбасшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін халықта ынтымақ, бірлікпен қатар, елдің ерекше жігері болуы қажеттігін баса айтты.
Кездесуде сөз алған аудандық шаруалар қауымдастығының төрағасы Өсербай Жүніс, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі Нұржігіт Нұрымшандар өз пікірлерін білдірсе, жастар өкілі атынан Гауһар Жүсіпәлиева отырарлықтардың Елбасы Жолдауына деген ыстық ықыласын жыр-шумақтарымен жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*