Отырар ауданына 8 айда 8 миллиардтан астам инвестиция тартылған

Отырар ауданында «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесті. Жиын барысында шаруалар ұйым басшыларына өздерін толғандырған көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Сөз барысында аудан басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған еліміздегі «шағын орта бизнесті» дамытудың маңыздылығын айта келе, «Ырыс-өркендеу» бағдарламасы шаруалардың мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді тиімді пайдалануына үлкен мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
Жалпы Отырар ауданында 2018 жылдың 8 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 57 млн 100 мың теңгені құраған. Ол 2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 103,3 пайызды құрады. Сондай-ақ ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында 11 млрд 944 млн 800 мың теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,7 пайызға жетті. «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін жалпы сомасы 1 млрд 519 млн 800 мың теңгені құрайтын 952 жобаны қаржыландырса, оның 61 жобасы 2018 жылдың 9 айына тиесілі болып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*