Е.Айтаханов, Елбасы жолдауының 6 басымдығына айрықша тоқталды

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында идеологиялық активтің мәжілісі өткен болатын. Жиында аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы қорытынды баяндама жасап, стратегиялық құжаттың 6 басымдығына айрықша тоқталды. Баяндама барысында Ұлт Көшбасшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының артуы» атты жаңа Жолдау елдің тұрмысын түзеу, табысын еселеу, кәсібін ұлғайтып, әлеуметтің әлеуетінің артуына зор ықпал жасайтындығын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімі «Тәуелсіз Қазақстанымыздың терезесін жаңа әлемдегі дамыған елдерімен тең ету – бәріміздің де ең басты борышымыз. Елбасының әр Жолдауының тарихи миссиясы – Қазақстанымызды табысты да өркениетті, халқының тұрмысы жоғары, табысы мол қуатты елге айналдыру мақсатынан туындайды» деп, ынтымағы ырысты, бірлігі бекем отырарлықтарды игі іске біркісідей атсалысуға шақырды.
Халықтың табысын арттырып, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған Жолдау аудан тұрғындары тарапынан қызу қолдау тауып, туындаған міндеттерді бағдарлы болашақ жолында біркісідей атқаратындықтарын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*