Отырарға облыстық насихаттық топ келді

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылға арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттуы» атты Қазақстан халқына арған Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру, жан-жанты насихаттау мақсатында ауданымызға облыстық ақпараттық- насихаттық топ мүшелері келді.
Аудан тұрғындарымен жүздескен топ мүшелерін облыстық ауыл шаруашылғы басқармасы башысының міндетін атқарушысы Нұрбек Бадырақов бастап келіпті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесуде арнайы баяндама жасаған ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов Жолдауда айтылған басым бағыттарға жеке-жеке тоқталып, көпшілікке кең келемде түсінік берді. Жиында сөз алған тарих ғылымдарының докторы Сәттар Мәжитов, аудандық әжелер алқасының төреайымы Гүлзейнет Әлмешова, Жамбыл аттындағы мектеп-лицейдің мұғалімі Жанна Жолдас және Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Әділхановтар Жолдауда айтылған білім сапасы, мұғалімдердің мәртебесі, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ жастар мәселесі жөнінде тұщымды ойларын ортаға салды. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*