Отырарда ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болашақ ұрпаққа «аманат хат» қалдырды

Түркістан облысы Отырар ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Отырар қалажұрты маңынан салынғалы жатқан «Отырар қалажұртының сапар-орталығына» «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімі өтті. Салтанатты жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, болашақ ұрпаққа аманат хат қалдырды. Сондай-ақ, салтанатты жиынға қатысқан қонақтар Арыстанбаб кесенесіне зиярат етіп, Отырар қалажұртымен танысты.
Сапар орталығын салудағы мақсат: Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шетелдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарының қорғау мен олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық жасау болып табылады.
«Отырар қалажұртының сапар-орталығы» – бұл мәдени туризм орталығына айналуға тиіс бірегей нысан. Сапар орталығының салудағы мақсат Отырар қорық-музейінің базасында коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар орталығын жасау. Қорық-музейдің функцияларын мәдени-ағарту мен имидждік орталық деңгейіне дейін кеңейтіп, тарих ғылымы, археология, реставрация, өнертану, этнографиямен ұштастыруға жағдай жасау жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*