«Отырар қалажұртының сапар-орталығының» іргетасы қаланды

Көне Отыррар қалашығының жанынан салынатын Сапар орталығының ғимараты Отырар қалажұртының территориясында археологиялық қорық, тарихи-мәдени және туристік орталық құруға, сонымен қатар, кешенді қызмет көрсету мүмкіндігіне ие көрмелік залдары бар музей кіретін, музейлік-көрмелік жүйемен өзара байланыстағы орталықтандырылған қор-сақтағышты жасауға бағытталған.
Сапар орталығы жекелеген музейлік заттар түрлеріне (саз, металл, тас, керамикадан жасалған бұйымдар) бойынша арнайы мамандандырылған қор-сақтаушы болып табылады.
Музей қорына түсіп отыратын экспонаттар үшін бірінші және екінші қабаттарда экспозициялық залдар қарастырылған. Экспозиция залдары функционалдық бағдарламада әр уақытта болатын өзгерістер мен түзетулерді ескеріп жобаланған. Екінші қабатта барлық залдар үшін қосалқы бөлме қарастырылған. Залдардың жобалық және көркемдік шешімін орталық қызметкерлері нақты көрмелік экспозицияның тақырыптық құрылымына байланысты жасайды (жарық, түс, фон, және тағы басқа). Ғимараттың екінші қабатында орталық қызметкерлері үшін жеке компьютермен, принтерлермен, көбейткіш техникамен, сканерлермен, кеңселік жиһазбен жабдықталған жұмыс кабинеттері жобаланған, бұл өз кезегінде жұмыс орнын тиімді жабдықтап, бөлмені тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Құжаттау, есепке алу және ғылыми сипаттау құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми архив жобаланған.
Бірінші этажда қосалқы бөлмесі бар 86 орындық лекциялық зал жобаланған. Лекциялық зал абонаменттік топтарға, жекелеген келушілерге (ғылыми қызметкерлермен кездесуге және т.б.) лекция оқуға арналған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*