Көне Отырар қаласына келуші туристердің саны артып жатыр

Көне Отырар қалажұрты маңынан салынатын «Отырар қалажұртының сапар-орталығының» цоколдық қабатындаа қор-сақтау бөлмелері қарастырылған. Қор-сақтау арнай музейлік стеллаждармен, шкафтармен жабдықталған. Қор-сақтаудың жанында түсетін материалды есепке алатын қызметкерлерге арнаған жұмыс орындары қарастырылғанын айта кету қажет.
Сонымен қатар, реставрациялық жұмыстар мен көрмелік конструкцияларды жасау жұмыстары үшін цоколдық қабатта шеберханалар жобаланған.
Мұнан өзге, барлық шеберханалар мамандырылған реставрациялық қондырғылар мен жиһазбен жабдықталатын болады. Мамандардың  да жұмыс орындары кеңселік жиһазбен, жеке компьютерлермен, принтерлермен жабдықталған.
Музейге жұмыс істеуге шақырылатын мамандар үшін және де Отырар қалажұртында қазба жүргізетін археологтар үшін 16 орындық жатақхана ғимараты қарастырылып жатыр.
Негізгі көрсеткіштер.
Тұрақты экспозицияда тұратын ірі габаритті (металл, саз) экспонаттар саны — 20 бірлік. Ұсақ экспонаттар саны — 90 бірлік.
Айта кету керек, Отырар өңіріне келуші туристердің саны жыл сайын артуда. Былтырғы жылы 300мың адамды құраса, биыл 8 айда 320 мың адамға жеткен.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*