Отырарда құрылыс жұмыстары қарқын алды

Отырар аудандық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясы өтті. Мәслихат депутаты Болат Тұрмаханбетов төрағалық еткен сессияның күн тәртібіне 6 мәселе ұсынылып, халық қалаулылары аталмыш мәселелерді қызу талқылап, жан-жақты зерделеп, шешім қабылдады. Депутаттар алдында сөз алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов өзіне жүктелген міндеттер мен ауданданның ағымдағы жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады.
Аталмыш мерзім аралығында жалпы ауданда өндірілген ішкі аймақтық өнім көлемі 32 млрд 574,2 млн теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,7 пайызға артық. Нақтырақ айтсақ, 8 айда ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірілген өнімдердің нақты көлем индексі 104,7 пайызды құраса, сауда саласында 109,9, бюджеттің кіріс бөлігі де еселеніп 111,7 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарының да нақты көлем индексі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 152,1 пайызға артығымен орындалып отыр. Осындай ілкімді істерді сөз еткен аудан басшысы ауыл шаруашылық саласын барлық салаларында жоспардың артығымен орындалып отырғандығын, сондай-ақ, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі де өткен жылмен салыстырғанда 103,3 пайызға артқандығын тілге тиек етті. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*