Отырар ауданында жаңа мәдени ошақтар бой түзеп жатыр

Отырар аудандағы туристік тартымдылықты арттыру мақсатында Арыстанбаб кесенесінің алдын және Отырар төбе қалашығының айналасын абаттандыру жұмыстарының басталып кетті. Сонымен қатар, Мыңшұқыр елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатса, Аққұм ауылынан 100 орындық Мәдениет үйін салу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Шәуілдір ауылындағы сыйымдылығы 100 мың кітап сиятын кітапхана, Балтакөл ауылындағы 200 орындық Мәдениет үйінің құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Мұнан бөлек аудандағы газдандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқандығын сөз еткен аудан әкімі Ерлан Айтаханов, жұмыспен қамту, ауыз су, жол және абаттандыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асатын шаруалар жөнінде жан-жақты баян етті. Өз кезегінде аудан әкімінің атқарған жұмыстарына халық қалаулылары оң бағаларын берді.
Күн тәртібіндегі өзге мәселелер бойынша шешім қабылдаған халық қалаулылары мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы етіп Аралбай Асанды бірауыздан сайлады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*