ТҮРКІСТАНДА «SARYAGASH OPEN – 2018» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі өтті. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан «Altyn Bulak Golf & Health Resort» гольф клубында ұйымдастырылуда. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынады. Жарысқа 21 жастан асқан шет елден келген және еліміздің ер азамат гольфисттері қатысты. Қазір турнирге 48 қатысушы жіберіліп отыр.

Халықаралық жарыстың тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгін басталған «SARYAGASH OPEN 2018» гольф турнирі Сарыағаш курорт демалыс аймағын туризм ошағы ретінде көрші елдерге де насихаттайтын шара болмақ.  Мақсаты — туған елге деген патриоттық сезімдерді жас ұрпаққа насихаттау, белсенді демалыс және экологиялық туризмді дамыту, облысты туристік дестинация ретінде қалыптастыру. Ендеше сіздерді өтіп жатқан «SARYAGASH OPEN 2018» гольф турнирі іс-шарасымен шын жүректен құттықтап, баршаңызға бақ-береке, мықты денсаулық тілеймін. Аталған шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өтіп тұратынына сеніміміз мол» — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Әуесқойлық турнир Сэнт-Эндрюс Корольдік Гольф Клубының ережелеріне сәйкес және «Altyn Bulak Golf & Health Resort» жергілікті ережелеріне сәйкес жеке Stroke play форматында өтуде.

Турнирде 1,2,3 орынды иеленген қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталатын болады. Ойын нәтижелері тең түскен жағдайда, үздік ойын көрсеткен қатысушы жеңімпаз атанады. Өзге де номинациялар бойынша үздік ойыншылар ұйымдастырушылар мен демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*