Сарыағашта «Ханбибі оқулары» байқауы өтті

Сарыағаш аудандық мәденит үйінде «Ханбибі оқулары» байқауы өтті. Мәдени шараға кіл жастар қатысты. Негізгі мақсаты Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, жастарды Ханбибі Есенқарақызы поэзиясына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүние танымдары мен сана–сезімдерін өмірлік айқындамаларын қалыптастыру еді. Іс-шараға аудан басшылығы да қатысты. Нақтырақ айтсақ, аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп марапаттады.
Сарыағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен биыл үшінші рет өткен дәстүрлі байқауға жалпы 30 үміткер қатысып, 17 үміткер іріктеліп шыққан болатын.
Байқау соңында жеңімпаздар марапатталып алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Атап кетер болсақ Бас жүлде иегері Әбіл Айдос, І орын Мусатаева Маржан, ІІ орын Тұрсынбай Жаңыл, ІІІ орын Сайлыбай Аяулым дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*