Мақтаарал ауданындағы индустрияландыру жұмыстарына оң баға берді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жергілікті жердегі индустрияландыру жұмыстарының жай-күйі және ауыл шаруашылығының даму барысымен таныстырды.

Ең алдымен облыс әкімінің орынбасары Мақтааралдың жаңа орталығы болған Мырзакент кентіндегі бірнеше нысандарды аралап көргенін айта кету қажет. Атап айтқанда, кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін Қажымұқан атындағы орталық стадионның, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері жайғасқан №120 жалпы орта мектептің және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ғимаратының жағдайымен танысып шықты. Аудан әкімі Бақыт Асанов облыс әкімінің орынбасарынанМақтааралдың жаңа орталығында көптеген жобалар мен жұмыстар жасау үшін келер жылы облыстық және республикалық бюджеттен үлкен қаржы бөлуге ықпал жасауды сұрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*