Мақтааралдағы индустриялды аймақта мақта кластерін құру жоспарланып отыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Мақтаарал ауданының индустриялды аймағына барды. Мұндағы мақта теру маусымына орай қызу жұмыс жасап жатқан «Береке-ММА» мақта тазарту зауытын тамашалады. Ағымдағы жылы Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 1 жоба, келесі жылы 2 жоба, арғы жылы тағы 1 жоба іске асырылып, 200-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады деп күтіліп отыр.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар,алдағы уақытта темірді қайта өңдеу өндірісі іске аспақшы. Түркістан облысы бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі екені баршаңызға белгілі. Бүгінде өңірде мақта шикізатын әрі қарай дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар жоқтың қасы. Бұл ретте Мақтааралдың индустриалды аймағында тоқыма кластеріне, сондай-ақ мақтадан дайын өнім жасайтын басқа да жобаларға көңіл бөлінетін болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*