Ербол Тасжүреков «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында барды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында болды. Мақта шаруашылығындағы ғылыми-зерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті. Мақтаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі басқалардан 5-6 ц/га жоғары сорттары шығарылды. Олардың 7-еуі (ПА-3044, Мақтаарал-4005, ПА-3031, Береке-07, Мақтаарал-4007, Мақтаарал-4011, Мырзашөл-80) аудандастырылды.

«Біз мақтадан бөлек, бақша дақылдарын зерттеуді де қолға алдық. Қазіргі таңда экспортқа төзімді, бәсекеге жарамды мықты сорттарды жасап шығардық. Мақтааралдық ғалымдар жасаған «Мырзашөл», «Жиен», «Валет» атты сорттарды Жетісай, Шардара, Отырар сияқты бақша дақылдарын өндіретін бірнеше аудандардың шаруалары пайдалануда. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша өндірілетін 1 миллион 300 мың тоннадан астам бақша өнімдерінің басым бөлігі, оның ішінде экспортқа шығып жатқан бақша өнімдерінің барлығы дерлік біз жасап шығарған сорттар екенін айта кету керек» — деді институт директоры И.Үмбетаев.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков институт ғалымдарының жұмыстарына дән риза болып, Мақтаарал ауданында жасалып жатқан индустрияландыру жұмыстарына оң баға берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*