Төлеби ауданындағы өндіріс орындары 21 миллиартан астам теңгенің өнімін өндірген

Төлеби ауданындағы Кәсіпкерлер мектебі ғимаратының залында аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың 8 айдағы әлеуметтік-экономика дамуы бойынша атқарған жұмыстары туралы баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды Күнгей.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Брифингке аудандық және облыс БАҚ өкілдері мен тиісті бөлім басшылары қатысты.
Брифинг басында аудан әкімінің 8 айда атқарған жұмысы бойынша бейнежазба көрсетілді. Әрі қарай аудан басшысы Бауыржан Омарбеков Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы жайында баяндады.

Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім 62 млрд 956 мың теңге болып, жан басына шаққанда 540,2 мың теңгені құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,4 пайызға артқан. Өнеркәсіп саласында 21 млрд 828 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімінің нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 8 айда 19 млрд 241,4 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 102,5 пайыз болып отыр.Мал  шаруашылығы саласында 13 млн 787,1 мың теңгенің өнiмi өндiрiліп, нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*