Төлебиде көпқабатты тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен 200 миллионнан астам қаржы қаралған

Төлеби ауданында спорт саласы бойынша  Ленгер қаласындағы орталық «Жастық» стадионын күрделі жөндеуден өткізу үшін жоба сметалық құжаттамаларын дайындауға жергілікті бюджеттен 1 млн теңге қаржы қаралды. Сонымен қатар, Жоғарғы Ақсу ауыл округіне қарасты Мәдени ауылынан талапқа сай спорттық-сауықтыру кешенін салу үшін жергілікті бюджеттен 2 млн теңге қаржы қаралып, жобалық сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Айта кету қажет, бұл жұмыстар 2019 жылға ауыспалы.
Төлебидегі тұрғын үйлерді іске қосу 2018 жылдың 8 айында 17 623 шаршы метрді құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 148,3 пайыз. Ленгер қаласындағы 5 қабатты 40 пәтерлі 1 тұрғын үйге және 5 қабатты 20 пәтерлі 1 тұрғын үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен 235,8 млн теңге қаржы қарастырылып, 20 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды.

Табиғи газ саласы, ауыз су саласы, кәріз жүйесі, жол саласы, абаттандыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктер жайлыда баяндамада айтып өтті.
Брифинг соңында аудан әкімі, журналистерді қызықтырған сауалдарына ықыласпен жауап берді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*