Түркістандық дәрігер марапатқа ие болды

Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды. Астанада үздік дәрігерлер марапатталды. 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан орын алды. Дәрігер сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

— Бұл тек менің еңбегім ғана емес, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қажырлы еңбегін жоғары бағалап, мойындау және әрине жалпы дәрігерлердің үлкен командасының жемісі. Бұл марапат облыстың медицина саласы мен сапасын одан әрі дамыта түсуімізге жігер береді, дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бүкіл әлем елдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды.
Декларация әлемдік денсаулық сақтау саласындағы тарихи оқиға болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*