Түркістан облысының ақ халаттылары 1 айдың ішінде 100%- ға компьютермен қамтамасыз етіледі

Төле би, Арыс аудандары мен Ленгер қаласы және Түркістан қалалық орталық балалар ауруханасы компьютермен толық қамтылды. Олардың әрқайсысына 190 компьютерден таратып берілді. Осылайша, бұл өңірлердегі аурухана, емхананы қоса есептегенде барлық медициналық пункттер мен фельдшерлік — акушерлік пункттер 100%-ға компьютермен жабдықталды.

Алдағы бір айдың ішінде Түркістан облысының аудан және ауылдық жерлерде орналасқан барлық медициналық мекемерлері 100% компьютермен қамтамасыз етіледі.

Кешенді медициналық ақпараттық жүйе дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, “бір терезе” принципінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың денсаулық паспорты болады және келер жылдың басынан бастап, дүниеге келген күннен бастап, барлық медициналық мәліметтер осы денсаулық паспортына жазылып, сақталатын болады.

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының сандық жүйеге көшу жұмысы 4 бағытта жүзеге асуда. Олар, емдеу және алдын алу, ауруды ерте анықтау, медициналық көмек көрсету және ауруды басқару әрі оңалту. Бүгінде облыс бойынша компьютермен қамтамасыз ету мәселесі 69% -ды құрайды. Түркістан облысы бойынша аудан орталықтары мен қалалар 100- ға интернет жүйесіне қосылған. Шалғай аумақтарда орналасқан елді- мекендер 2021 жылға дейін интернет жүйесіне қосылады деп жоспарланған. Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты 38 медициналық мекемесі 100%- ға медициналық ақпараттық жүйеге қосылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*