Түркістан облысында аурулар сандық медқондырғылардың көмегімен тексеріледі

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласында әлемдік ғаламторды пайдалана алатын азаматтардың саны (20-60 жас) соңғы жарты жылда 0,3%-де 25%- ға артты (жоспар бойынша 25%, адам санымен есептегенде 2871 ден 229 836 адамға артты). Осы уақыт аралығында 5 жасқа дейінгі балалардың ата — аналары арасында 0,56%-дан 48%- ға (жоспар 40%, 898 адамнан 101 170 адамға) көбейген. Жүкті әйелдер арасында 0,56%-дан 71%- ға (жоспар 70%, 245 тен 14 518-ге) жеткен. 11 бағыттағы салалық мамандарға кезекте тұру 4-5 күнге (осыған дейін бұл көрсеткіш бірнеше аптаға созылатын болған) қысқарған. Ауруларды ерте анықтау мәселесі- екінші бағыт, яғни, дәрігерге дейінгі және қабылдау бөлмелері арқылы ауруларды ерте анықтау, сандық байқау және сандық медқондырғылардың көмегімен тексеру.

Осының арқасында флюоронастроздылықты анықтау пайызын 30% — ға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу үлесі бүгінгі таңда 58% құрайды. Медициналық көмек көрсету: Түркістан облысында 1 768 871 (98%) электрондық денсаулық паспорты құрылды. 4 525 (100%) дәрігер және 14 695 (100%) орта медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйеге оқытылды. Денсаулық сақтау саласын цифрландыруды іске асыру кезінде, емханаға бару айтарлықтай қысқартылып, зерттеу нәтижелерін алу уақыты мен кезек күтуді қысқарту, сондай-ақ талдау нәтижелерін алуды едәуір қысқартып, кеңес беру және рецептерді үйден шықпай алу мәселесі жүйеге қойылмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*