Түркістан облысында электрондық денсаулық паспорты құрылды

Медициналық көмек көрсету: Түркістан облысында 1 768 871 (98%) электрондық денсаулық паспорты құрылды. 4 525 (100%) дәрігер және 14 695 (100%) орта медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйеге оқытылды.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласын цифрландыруды іске асыру кезінде, емханаға бару айтарлықтай қысқартылып, зерттеу нәтижелерін алу уақыты мен кезек күтуді қысқарту, сондай-ақ талдау нәтижелерін алуды едәуір қысқартып, кеңес беру және рецептерді үйден шықпай алу мәселесі жүйеге қойылмақ. Әр адам өз денсаулығы туралы толық ақпараттарға онлайн режимінде қол жеткізе алады. Цифрлық денсаулық сақтаудың мақсатты үлгісі науқастар туралы мәліметтер, сырқатнамалар бар бірыңғай ақпараттық кеңістік құруды көздейді. Науқастар электронды денсаулық паспорты, денсаулық сақтаудың электронды қызметтеріне қолжетімділік арқылы жеке басының денсаулығы туралы мәліметке қол жеткізе алады және медициналық қызметтер алу сапасы туралы кері байланысты ұсынады. Дәрігер, өз кезегінде, өз науқастарының денсаулығы туралы шоғырландырылған мәліметке қолжетімділіктің арқасында қашықтықтан кеңес бере алады.

Медициналық ұйымдар өз бұл қызметтерді ұсыну сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және қоғамдық денсаулық қызметінің жұмысы автоматтандырылады. Қазіргі уақытта өңірлерде денсаулық сақтауды цифрландырудың үш үдерістік индикаторы өлшенеді: медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу, компьютерлік техникамен жабдықтау және денсаулық сақтау ұйымдарының интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Алдағы желтоқсан айында Түркістан облысы бойынша  дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің компьютерлік техникамен жабдықталуы 100% көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*