САЙРАМДА ЖАҢА МҰРАЖАЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Сайрам ауданының орталығы Ақсукент елді мекенінде жаңа мұражай салынып жатыр. Мәдениет ошағының құрылысына 2018 жылға аудандық бюджеттен 75 миллион теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталып, қазіргі таңда жер қазу жұмыстары 100% және іргетасын құю жұмыстары 80% орындалып отыр.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқанын айта кету қажет. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың наурыз айында толық аяқтап, нысан ел игілігіне табысталатын болады. Айта кету керек, Сайрам ауданында күні бүгінге дейін құнды жәдігерлерді сақтайтын жеке мұражай болмаған. Осыны ескерген Сайрам ауданы әкімдігі қазіргі заман талабына сай мұражай салуды қолға алып отыр. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ауыл округтері әкімдіктерімен және тиісті сала мамандарымен мұражайға қойылатын жәдігерлерді жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 1000-ға тарта аудан тарихынан сыр шертетін түрлі бұйымдар топтастырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*