Сайрамда жасалған сымдар Орта Азия елдеріне экспортталып жатыр

Өңірдегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралы өкілдері Сайрам ауданында болып, бірнеше нысандардың жұмысымен танысты. Нақтырақ тоқталар болсақ, журналистердің бірінші аялдаған нысаны Ұлттық спорт мектебі болды. Күні бүгінде өңірімізде нақ осындай үш спорт мектебі бар.  Бұдан бөлек Қазығұрт, Түлкібас аудандарында құрылған.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат өкілдері Сайрам ауданындағы «Арман арена» спорт кешенінде де болды. Аталмыш кешен жеке кәсіпкердің есебінен салынғанын айта кеткен жөн. Қазірде Сайрам ауданындағы халықтың бұқаралық спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Себебі, нақ осындай жабық үлгідегі спорт манежі жетерлік. Олардың саны 16-ға жетіп отыр. Алдағы уақытта тағы екеуі пайдалануға беріледң деп күтіліп отыр.
Журналистер қонақтаған  келесі нысан  Ақсу ауылындағы кабельді электр сымдарын шығаратын зауыт, яғни «КаzTel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еді. Өндіріс орны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Жобаның құны – 125 миллион теңге. Ал, қуаттылығы – 7200 метрді құрап отыр. Қазіргі таңда, зауытта 46 адам жұмыс істейді. Жасалған сымдарды елімізден өзге, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспорттайтынын айта кеткен жөн. Өндіріс орны 2018 жылдың 9 айында 2494 метр өнім өндірген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*