Сайрамда 10 мың бас малға арналған бордақылау алаңы салынып жатыр

Түркістан облысы, Сайрам ауданына баспасөз туры ұйымдастырылды. Алдымен, журналистер тобы Қарасу ауылдық округі, Ақбай ауылындағы №3 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің көкпар, аударыспақ, теңге ілу бөліміне барды. Қазіргі таңда бөлімшеде 3 жаттықтырушы жұмыс атқарады. Сондай-ақ бөлімшеде 60-қа тарта жасөспірімдер мен балалалар жаттығады.
Баспасөз туры барысында тілшілер ат басын аудан орталығындағы 2018 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген «Арман арена» спорт кешеніне бұрды. Спорт кешенінің құрылысы 2017 жылы басталған. Сыйымдылығы – 60 адамды құрап отыр. Кешен жеке кәсіпкер Нұрғали Таджибаевтың жеке қаражаты есебінен салынған. Жұмсалған қаржы – 35 миллион теңге.

Сонымен қатар, Манкент ауылдық округіндегі «Нұрым Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 10 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы 2018 жылдың сәуір айында басталған, қараша айында аяқталады деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны  шамамен 3,5 миллиард теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 2,4 миллиард теңге кәсіпкердің өз қаражаты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*