Шардарада 9 айда негізгі капиталға тартылған инвестиция 101,1 пйызды құрады

Шардара ауданында 2018 жылдың 9 айында жоспардағы 1903,9 млн. теңгенің орнына 3 063,3 млн. теңге түсіп, жоспар 160,9 пайызға немесе 1159,4 млн. теңгеге артық орындалған. (Азия Газ Құбыры» ЖШС мүлік салығын артық төлеген және алтын жағажай демалысы орнының сатылыуына байланысты 677,0 млн теңге бір реттік табыс салығы төленуіне байланысты.) Өнеркәсіп. 2018 жылдың есепті мерзімінде аудандағы өндіріс кәсіпорындарында 5138,4 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп (2017 жылдың 9 айында 4394,1 млн.теңге), НКИ 106,0 % (2017 жылдың 9 айында 104,3) құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция. Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде ауданда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 15036,9 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,1% ды құраған.

Ағымдағы жылы «ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласына «Шардара» ГРС №18 жоғары қысымды газ жеткізіп беруші газ құбыры және Шардара қаласы «Өтеғұл» шағын ауданын квартал ішіндегі (орта қысымды газ құбыры) газ жүйелерінің құрылысы» жобасы аяқталып, сараптама қорытындысын алу күтілуде. Одан бөлек, «ОҚО Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков а/о Шардара ауылын газдандыру» нысаны ЖСҚ-сы әзірленуде. Жалпы 2018-2021 жылдар аралығында 16 елді мекенді газдандыру жоспарланып, нәтижесінде 21 елді мекен немесе аудан тұрғындарының 99,5 пайызы (79 036 халық) табиғи газбен қамтылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*