Түркістан: бюджеттен ауыз суға 10 миллиардқа жуық теңге бөлінген

Елбасымыз өз Жолдауында: «Енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн. Әкімдер өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы тиіс», — деді. Бүгінде Түркістан облысында өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында сумен жабдықтау бойынша 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 83 нысанның құрылысына 9,9 млрд. теңге бөлінді. Айта кету қажет оның ішінде 17 нысан осы жылы пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Ал қалған  66 нысан 2019 жылға өтпелі екен.

Мұнан бөлек 2018 жылдың соңында елдімекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, ауылдық елді мекенде — 75,1% (628 елді мекен) жетіп отыр. Ал, қалалық елді мекен — 95,8%-ға жететінін айта кету қажет.

Сонымен қатар, газбен жабдықтау бойынша 2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 98 нысанның құрылысына 16,5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 58-і биылғы жылы пайдалануға беріледі, ал қалған 40 нысан 2019 жылға өтпелі. 2018 жылдың қорытындысымен газдандыруды қамтамасыз ету 385 елді мекенді (45,6%) құрайды немесе облыстың 1 056 405 тұрғыны (54,0%).

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*