Сайрамда 900 орындық білім ошағы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Бүгінде Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Әлихан Бөкейханов атындағы жалпы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Міне сол уақыттан бері, яғни жарты ғасырға жуық білім ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Осы уақыт аралығында әбен тозығы жеткен мектепке жөндеу жұмыстары биылғы жылдың 25- қазанында басталған болатын. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып қалды десе болатындай. Оқу ғимараты желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады деп күтіліп отыр. Әзірше мектепте білім алатын 900-ге тарта оқушы жақын елді мекендердегі 4 мектепке тасымалданып оқытылып жатыр. Ол үшін аудандық білім бөлімі тарапынан 5 автобус қарастырылған. Балалар жайғастырылған мектептердің сыныптары жылы әрі білім алуға ыңғайлы. Бұйыртса, араға екі апта салып оқушылар заман талабына сай жөндеуден өткен, іші жарық, дәріс алуға ыңғайлы мектепте оқуларын жалғастыратын болады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*