ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 54 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.  Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мәселен, техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге 7953 адам оқуға жолданған.
«Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2600 азамат оқуға жіберіліп, Оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1200-і немесе 63 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес, ұлттық қолөнер шеберлері, ұлттық тағамдарды әзірлеу аспазшысы, суретші, кескіндемеші мамандықтары және дәнді дақылдарды өндеу, агротехникалық мамандықтар бойынша 2 мың адам білім алуда. Оның 1400-і оқуды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан», — деді Мұхит Баймұханбетұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*