Түркістан: «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқығандар 1,1 млрд.теңге несие алған

Түркістан облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етіліп отыр. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд. теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылған. бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді.
Басқарма тарапынан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту шеңберінде 43700 адамға қызмет көрсетіліп, нәтижесінде өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,4 пайыз көлемінде болып отыр.
Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*