Түркістан облысында 26 мал бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр

Жалпы Түркістан облысында 8 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін қосымша сиымдылығы 105,0 мың бастық 26 жаңа мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып отыр. Бордақылау алаңдарын бұқашықтармен қамтамасыз ету үшін бүгінде 2 413 шаруашылық 103,6 мың баспен тұқымдық түрлендіріп жатыр. Алдағы уақытта қосымша 3 000 шаруашылық ашылып, 150 мың бас аналық ірі қара мал сатып алынатындығын айта кету қажет.

Жиын барысында аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы жауапты мамандарға аталған бағдарламаны негізге ала отырып, аудан, қалалардағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша аймақтық жоспар бекітуді, жоба аясында инвестиция тарту жұмыстарын қолға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, «Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» аясында егістік жерлерді тиімді пайдалану және әртараптандыру шаралары қолға алынбақ. Осының негізінде егіс көлемі 798 мың гектардан 926 мың гектарға артады деп күтілуде. Нәтижесінде, өсімдік шаруашылығында өндірілген өнім 3 есеге артып, 842,7 млрд. теңгеге жететін болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 264,4 млрд. теңгені құраған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*