ПЕТРОПАВЛДА «ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған «Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» тақырыбында XV форум өтуде.
Халықаралық шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қоры-музейінің «Түркістан жауһарлары» атты көрмесі ашылды.
Көрме әулиелердің Сұлтаны атанған Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге арналған. Қожа Ахмет Ясауидің артында қалған баға жетпес мұралары — ХVІІІ ғасырға тән «Диуани хикмет» кітабының қолжазба нұсқасы, ХІХ ғасырда қайта көшірілген «Рисоллә дәр адаби тариқат», «Насабнама» шежіресі, ХІV ғасырдан жеткен түпнұсқа кесене кірпіштері, аспалы, айдаһар басты шырағдандары, Тайқазан, Лауһа, Қақпа есігі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен мөрінің макеттері, Түркістан өңіріндегі қасиетті жерлер мен сәулет ескерткіштердің фотосуреттері экспозициядан орын алды.
Сондай-ақ, қазақтың атақты Тәуке, Қайып, Барақ, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілфейіз, Кенесары сынды хандарының Ресей, Қытай патшалығына дипломатиялық байланыста жазған хаттары экспозицияда көрініс тапты.

Қорында 25 мыңға жуық жәдігері бар еліміздегі іргелі қорық-музейдің Петропавл төрінде көрмені өткізудегі мақсаты — Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, туристер тарту болып табылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*